{metadescription}
Алматыда заңсыз тұрғызылған нысандар қиратылды
Алматыда заңсыз тұрғызылған нысандар қиратылды

Алматыда заңсыз тұрғызылған нысандар қиратылды

Жермен жексен болады. Төрт жыл бойына тұрғындардың ұйқысын төрт бөлген Алматыдағы көлік жуу орталығы мен оның үстіндегі  дәмхананы сүру басталды. Қаланың қақ ортасындағы нысан заңсыз тұрғызылғаны о баста дәлелденгенмен, әділдік тек бүгін орнағандай.

Көпқабатты үйге жапсарлас салынған көлік жуу орталығы мен дәмхана тұрғындарды діңкелеткен. Күндіз пәтерлерге күн түспейтіні өз алдына, түнде кафенің шуы таң бозарғанша басылмайтын болған. Айтып та, жазып та шағымдғандардың базынасына құлақ түріп сот шешім шығарғанмен, орталық қожайыны ақталып, сүруді біраз созғандай. Сәулет құрылыс басқармасы кәсіпкердің нысанды заңсыз көтергенін анықтап, 800 мың теңге айыппұл  да салған. Осылайша кәсіпкер мен тұрғындардың ұзақ жылғы теке-тіресінде жұртшылықтың асығы алшысынан түсті. 900 шаршы метр аумақты алып жатқан көлік жуу орталығы мен кафе жақын күндері жермен жексен болады.

Асқар Дүйсебаев, Алматы қаласы Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы:

- Алматы қалалық сотында біздің талап-арызымыз өзгертіліп, осы артымызда тұрған нысан заңсыз деп танылды. Бұзу туралы қаулы шығарылды. Қазіргі таңда осы сол қаулыны орындап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.