Астанада газ құбырлары жаппай тексеріле бастады
Ресейдің Магнитогорск қаласындағы жантүршігерлік апаттан кейін еліміздегі газ құбырлары жаппай тексеріле бастады. Әсіресе, газ инспекторлары мен төтенше жағдай қызметкерлері Астанадағы тұрғын үйлерді аралап, құбырлардың қандай жағдайда екенін қарап жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
04.01.2019
Елордада мыңнан астам тұрғын үйге сұйық газ өзге өңірлерден жеткізіледі.
Ол аулаларда орналасқан мынадай газгольдерде сақталып, пәтерлерге құбыр арқылы таратылады. Бүгін сол 20-дан астам тұрғын үйдің газ желісін тексерген әкімдік пен төтенше жағдай қызметкерлері қауіп төндіретін бірнеше кемшілік тапты. Ал, тәуелсіз сарапшылар болса, Астанадағы құбырларының 90-пайызы әбден ескірген дейді. Сондықтан пәтер иелері кооперативтеріне ескерту жасап, шұғыл түрде газ жүйесіндегі олқылықты дереу жоюды талап етті.
Мақсат Әбілов, Астана қалалық Қоршаған ортаны бақылау департаментінің бөлім бастығы:
-Газ жарылыстарының алдын алу үшін тексерістер жүріп жатыр. Бұл жұмыстар 1 айға жалғасады. Осы уақыт ішінде газ жүйесіне қосылған мыңнан астам тұрғын үйдің құбырын тексеру жоспарда бар. Кейін резервуарлардың да сапасын қарайтын боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!