{metadescription}
Браконьерлікпен айналысты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды
Браконьерлікпен айналысты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Браконьерлікпен айналысты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Қорасынан бауыздалған 12 киік табылған учаскелік инспектор жұмыстан қуылып, қылмыстық іс қозғалған.

Алғашында айдалада тұрған мына көліктер Нұра ауданының аумағынан табылған. Бұзылып тұрған көліктердің жүріп өткен ізі жолда атылған 18 киіктің өлексесіне әкеліпті. Жедел іздестіру шаралары барысында браконьер Ұлытау ауданындағы Алғабас ауылынан анықталған. Оның қорасынан полицейлер тағы 12 киікті тауып отыр. Бір қызығы ол сол ауылдың учаскелік инпекторы болып шыққан.

Жаңатай Сембеков Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

-2018 жылдың желтоқсан айындағы жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша, іске қатысы бар учаскелік полиция инспекторы қызметінен босатылған. Табылған қалдықтар бойынша Қарағанды облысының Полиция департаментімен ҚР ҚК 337 бабы 4 тармағы «Заңсыз аң аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде