{metadescription}
Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі түрмеге ауыстырылды
Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі түрмеге ауыстырылды

Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі түрмеге ауыстырылды

Қатаң тәртіптегі колонияда отырған экс-министр Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесіне ауыстырылатын болды. Оның өтініші қанағаттандырылып, қалған мерзімін Шымкенттегі колонияда өткізетін болды.

Бюджет қаржысын жымқырды және пара алды деген айып тағылып, былтыр наурызда 10 жылға сотталған Бишімбаев Леңгірдегі қатаң тәртіптегі колонияға тоғытылған еді. Осыдан соң оның адвокаттары қалған жазасын қоныс колониясында өтеуі туралы сотқа өтініш түсірген болатын. Алайда, Төлеби аудандық соты экс-шенеунікті қоныс колониясына емес жалпы режимдегі түзету мекемесіне тоғытуды жөн деп тапқан. Өйткені ол сотталған баптардың бірі бойынша, сотталушы жазасын кем дегенде қауіпсіздігі орташа түрмеде өтеуі тиіс. Айта кетсек, Бишімбаевтың ісінде «Бәйтерек-Деволепменттің» бұрынғы қызметкерлері мен құрылыс компанияларының өкілдері және бірқатар кәсіпкерлерді қосқанда, жалпы саны  22 адам жауапқа тартылған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде