{metadescription}
Туристер Тайландтан үдере кетіп жатыр
Туристер Тайландтан үдере кетіп жатыр

Туристер Тайландтан үдере кетіп жатыр

Қазір шұғыл түрде бірнеше аралдың оңтүстік жағалауындағы ел-жұртты қауіпсіз жерге шығару қолға алынды. Себебі дәл осы қапталдан ел тарихындағы ірі дауыл соғады деп болжануда.

Кейбір туристер мен жергілікті тұрғындар қауіпті аймақтан көшуден бас тартқан. Сондықтан оларға арнайы қорғану орындарын құрыпты. Тропикалық «Пабук» дауылының осы құрлыққа сағатына 65 шақырым жылдамдықпен келе жатқанын айта кетейік. Тіпті ол сәт сайын күшеюде. Оның қарқынынан қорыққан жергілікті билік әуе және пароммен қатынауға тиым салды. Мұнай компаниялары да амалсыз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр. Қазірдің өзінде Тайландтың оңтүстігінде нөсер жауын мен күшті жел соғып тұр. Желдің кесірінен мұхитта биіктігі 5-7 метрге дейін жететін тоқындар пайда болды. Ал Малайзиямен  шектесетін Паттани, Наратхиват пен Ялада су тасқыны болады деген қауіп бар. Ал «Туристік қамқор»  қорының мәлметінше, тайландтың бірнеше аралында 400-ге жуық отандасымыз демалып жатыр. Бірақ олардың бірде-біреуі әзірге комек сұрап хабарласпаған. 

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Біз тапқан адамдардың барлығы туристік агенттіктермен барған. Сондай-ақ бірнеше жүз адам өз еркімен барған. Соларға айтайын дегеніміз дереу Қазақстан елшілігіне хабарласыңыздар. Өйткені қандайда бір төтенше жағдайлар болған кезде бізде байланыстары болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде