Ақтөбедегі сот залында шу шығарған 6 әйел жазаға тартылды
Олар судьяның үкім оқуына кедергі жасап, сол жердегі тәртіп сақшыларының жағасынан алған.
Автор: Жаңалық Ахаш
04.01.2019
Айдауылдың қолына жармасып, төбелесуге дейін барған бұл әйелдер 28 жастағы Қуаныш Жақсыбаевты қолдауға келген. 6 жарым жылға сотталған кәсіпкер қаржылық пирамидасын құрғаны үшін айыпталған-ды. Мобильді қосымша ойлап таптым деген желеумен 40 мыңға жуық адамнан ақша жинаған. Оның алты жүзден астамы ақшасын даулап арыз түсіреді. Ал қалғандары керсінше Қуаныш Жақсыбаевтың арқасында байып кететіндеріне сенімді. Енді оның жаза арқалағанын естігенде сотта естерінен танып, тіпті судьяның үкім оқуына кедергі жасады. Тіпті, сот залындағы дүние мүлікті бүлдірген. Жиналған жүз қаралы адамды сыртқа қуып шыққанымен, сот ғимаратының алдында да наразылықтарын білдіріп, арнайы жасақ шақыртуға тура келді. Енді солардың арасында белсенділік танытқан 6 әйел әкімшілік жазаға тартылып отыр.
Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:
-Қоғамдық орында тәртіптік бұзушылықты тоқтату туралы құқық қорғау органдарының талаптарын ескертмей, қарсылық білдіргені үшін Аймағанбетова, Көптілеуова, Омарова, Мустафина, Сатыбалдинова, Күлдееваға қатысты істер қаралып, мамандандырылған сотының қаулыларымен аталған тұлғаларға ескерту түріндегі жаза тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!