Атышулы видеодан кейін ІІМ академиясын «Болашақтың» түлегі басқарады
Қарағандыдағы Ішкі істер академиясының бастығы, полиция генерал-мойоры Жан Кенжетаев қызметінен кетті. Бұған оның қарамағындағы майордың жаңа жылдық лебізін білдірген бейнежазбаның әлеуметтік желіге тарауы себеп болып отыр.
Автор: Саят Сабдалы
04.01.2019
Бұған дейін осынау «ақ тілектердің» авторы – майор Асқар Тастайбеков жұмыстан қуылған еді. Артынша таяқтың бір ұшы бастығына да тиіп отыр. Енді өздерін «банда» санаған ұжымды Ақынғали Дәрменов басқаратын болады. Жасы қырыққа келген ол, Кембриджде оқып, елдегі лауазымды қызметтерде мол тәжірибе жинаған екен. Сондықтан да оған бандамыз дегенге балаша қуанған курсанттарды қайта тәрбиелеу жүктелген. Яғни, бандаға емес, Отанына адал қызмет жасайтын мамандарды дайындайды деген сенім артылып отыр. Аты аңызға айналған білім ордасын жылына жүздеген офицер бітіріп шығады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!