{metadescription}
Пәтерін даулап жүрген Астана тұрғыны соттың шешімімен келіспей отыр
Пәтерін даулап жүрген Астана тұрғыны соттың шешімімен келіспей отыр

Пәтерін даулап жүрген Астана тұрғыны соттың шешімімен келіспей отыр

Судья үйді Рашида Уәлиеваға 9 жылға сотталған құрылыс компаниясының басшысы алып берді деген шешім шығарған еді. Сөйтіп, Елорданың қақ ортасындағы қымбат пәтерді бұғаттаған. Енді үй иесі кәсіпкер Данияр Ахмедияровтың қарызын жабу үшін  баспанамызды тартып ала ма деп қауіптенеді.

Алаяқтық үшін абақтыға жабылған кәсіпкер Ахмедияровқа қатысты қылмыстық істе мына пәтердің де жайы қаралған. Тергеу материалдарында  баспана  құнының жартысынан көбін құрылыс компаниясының экс-басшысы төледі деген мәлімет бар.  Яғни Данияр Ахмедияров пен үй иесі қызының арасында жақын  байланыс болған. Алайда Рашида Уәлиева бұл пәтерді  бала-шағам тірнектеп жиған қаржыға сатып алдық дейді.

Рашида Уәлиева:

- Сот бізге де құлақ асса. Жалғыз баспанамызды тартып ала ма деп қауіптенемін. Осы үйге жету үшін балаларым, күйеуім жылдар бойы ақша жинады. Ұлым 9 көлік, өзім екі көлік, Семейде жер үй мен үш бөлмелі пәтер саттық. Ал тергеушілер Ахмедияров 3-сәуірде шоттан ақшасын алып,  4-і  күні біздің  үйді сатып алды дейді.

Уәлиевтердің пәтері соттың шешімімен бұғатталған. Отбасы әзірге мұнда тұрып жатқанымен, оны сатуға, жалға беруге  құқығы жоқ. Сондықтан Ахмедияровтың қарызын қайтару үшін тәркіленуі де мүмкін деп қорқады өздері. Пәтер қожайыны апелляциялық шағым түсірген. Алайда одан ештеңе өзгермеді. Сот бұл баспананы Ахмедияров үлескерлерден заңсыз ақша жинап, қылмыс жасаған кезде сатып алынғанын дәлелдепті. 

Ботагөз Баянова, Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы:

- Сотта Уәлиеваның пәтері үлескерлердің ақшасына алынғаны дәлелденді. Қылмыстық істің материалдарына  сүйенсек,  бұл баспана 48 миллион теңгеге сатып алынған. Оның 18 миллионы Уәлиеваның өз қаржысы да, қалған 30 миллионын Ахмедияров берген. Сондықтан соттың шешімі өзгеріссіз қалады.

Былтыр құрылыс компаниясының басшысы Данияр Ахмедияров 9 жылға сотталған еді. Тергеу мәліметтеріне қарағанда ол  Елордадағы «Зере-1», «Зере-2» тұрғынүй кешендерін саламын деп,  жүздеген адамнан 2 миллиард теңге жинап алған. Кәсіпкердің кесірінен  қаншама адам баспанасыз қалды.

Астанада Ахмедияров бастаған құрылыс қазір тоқтап тұр. Әкімдік тұрғынүйлерді салатын инвестор іздеуде. Ал Уәлиеваның пәтеріне қатысты дау бүгін-ертең шешілмейтін сынды. Себебі пәтер иесі Жоғарғы соттан араша сұрамақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде