Полицияға тек жоғары заңгерлік білімі бар адамдарды ғана алмақ
Ішкі істер саласындағы реформаның бір жаңалығы осы. Жаңа форматтағы полицейлерді дайындау айдың аяғында басталмақ.
Автор: Ербол Тұрымбет
08.01.2019
Ол үшін 1200 полиция қызметкері таңдап алынып, үш ай бастапқы даярлықтан өтеді. Одан соң 6 ай Ішкі істер академиясында оқиды. Олар жаңа үлгідегі Қазақстан полициясының алғашқы өкілдері болып саналады. Ішкі істер саласын реформалау білім беру жүйесін де қамтымақ. Яғни, полицейлерді дайындайтын 12 жоғары оқу орнының бесеуі ғана қалады да қалғандары жабылады. Сонымен бірге, министрлік басшылық құрамынан 450 адамды қысқартып, 16 миллиард теңгені үнемдегелі отыр. Ал айдың соңында бүкіл ішкі істер қызметкерлерін кезектен тыс аттестациялау басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!