{metadescription}
Көкшетауда көпқабатты үйде өрт шықты
Тілсіз жау 46 жастағы азаматтың өмірін жалмады. Өрт 3-ші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанды. Құтқарушыларға көпқабатты үй тұрғындарын сыртқа шығаруға тура келген. Оның 4-і кішкентай бала. Өрт сөндіру кезінде пәтерден өлген адамның денесі табылды. Қаза болған кісі 1972 жылы туған сол үйдің иесі екен. Басқа тұрғындар зардап шеккен жоқ. Қазір оқыс жағдайға қатысты тергеу басталды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
08.01.2019
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!