{metadescription}
Ақтөбеде жер үйдегі газ баллоны жарылып, бір адам жарақат алды
Ақтөбеде жер үйдегі газ баллоны жарылып, бір адам жарақат алды

Ақтөбеде жер үйдегі газ баллоны жарылып, бір адам жарақат алды

Күйік шалған ол ауруханада ем алып жатыр. Ал жарылыстан үйінің бір бөлігі опырылып құлап, қабырғалары жарылған. Төбесі құлайын деп тұр. Қақаған қыста баспанасыз қалған отбасы туыстарының үйін сағалап жүр.

Омаровтар отбасы үш жыл бойы салған жаңа үйлерінің рахатын көріп үлгермеген. Бар жиған-тергенімен жақында ғана құрылысын аяқтап, қоныстанған еді. Бірақ бір түнде далада қалды. Қазір туыстарының үйін паналап жүр. Кешқұрым отағасы бес литрлік газ баллонын жылыту үшін дәлізге кіргізеді. Пештің қасында қызып кетіп, жарылыс болған. Құдай сақтап, жарылыс өртке ұласпапты.

Әсел Омарова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Тарс ете қалды. Біз білмей қалдық. Сырттан оқ бірдеңе атылып жатқан шығар деп ойладық. Терезелердің бәрі бізге қарай қирады. Ана жақтан әкем «газ баллоны жарылды» шықпаңдар деп бізге айқайлап жатыр.

Жарылыс кезінде теледидар қарап отырған ұлы мен келіні терезеден шығып үлгерген. Ал қожайынның әйелі қолын жарақаттап алыпты. Отағасы болса ауруханада жатыр. Оның беті-қолы күйіп қалған.

Әділбек Қаражанов, Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек ауруханасының травматологы:

-Күйік жарақаттарын алған. Жарақаты бет аймағында және екі қолының басында. Бірінші, екінші дәрежелі күйіктер. Жағдайы орташа ауырлықта. Тұрақты. Қазір тағайындалған емнің бәрін алып жатыр.

Қақаған қыста қаңғырып қалған отбасыға әкімдіктің бір реттік әлеуметтік көмектен басқа берері жоқ. Ал баспанасын қайта көтеруге жомарт жандардан жылу жинауға тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде