{metadescription}
Алматыда ірі жол апатын жасаған полицей бір ай бұрын жұмыстан шығарылған
Алматыда ірі жол апатын жасаған полицей бір ай бұрын жұмыстан шығарылған

Алматыда ірі жол апатын жасаған полицей бір ай бұрын жұмыстан шығарылған

Алматыда бұрынғы тәртіп сақшысы ірі жол апатына себепші болды Toyota Land Cruiser-ді тақымдаған ол Әл-Фараби даңғылымен батысқа қарай келе жатып екі көлікті соғып өткен. Артынан шыр айналған көлігі қоршау мен бағанға соғылып, аударылып қалған.

Алғашында жол талғамайтын көліктің жүргізушісі тәртіп сақшысы болуы мүмкін деген болжам шыққан еді. Себебі, сау тамтығы қалмаған джиптің ішінен полицейдің сары түсті күртешесі және камералардың тізімі жазылған қағаз табылған. Ал, қалалық полиция департаментіндегілер  апатқа кінәлі 38 жастағы азамат полиция қатарында қызмет еткенін, тек бір ай бұрын өз еркімен жұмыстан шыққанын айтады. Түрлі жарақат алған жүргізуші қазір ауруханада жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

-Алматылық Ибаримов деген азамат. Бұрын-соңды полицияда жұмыс істеген. Әкімшілік полиция басқармасына қарасты процессинг орталығында техник маман ретінде есепте тұрған. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде