Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы төбелеске не түрткі болғанын айтты
Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы төбелеске не түрткі болғанын брифингте баяндады. Ведомства өкілдерінің мәліметінше, бұл қылмыс жастар арасындағы кикілжіңнен туындаған.
Автор: Жәудір Оразхан
08.01.2019
Жанат Сүлейменов, Ішкі Істер вице-министрі:
- Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде, күдікті 1-қаңтар түнгі сағат 10-да Павлодар облысындағы шекарадан өткені анықталды. Сондықтан Ресейге екі жедел–терегу тобын жібердік. Арменияға да біздің сақшылар аттанды.
Сол түні мейрамханада 400-ге жуық келуші болған екен. Жанжалға музыканың өшірілуі себеп болған көрінеді. Ал төбелеске қазақстандықтар мен Армения азаматтары қатысқан. 14 адамның 9-ы мейрамхана қызметкерлері. 23 жастағы қарағандылық жігіт сол жерде қаза тапты. Қазір 8 күдікті тергеу абақтысында отыр. Ішкі істер министрілгінің мәлімдеуінше, іздеу жарияланған азамат қазір Ресейде жасырынып жүруі мүмкін. Министрлік бұл төбелестің ұлтаралық араздыққа жатпайтынын айрықша атап өтті.
Алмас Сәдубаев, ІІМ ресми өкілі:
- Бұл жерде ұлтаралық ешқандай да қақтығыс жоқ. Қонақтар музыканы сөндірмеңдер деген талап қойған. Уақыт болса, таңғы 4. Сол себептен араларында осындай ерегіс басталып кеткен. Шығып, өз достарына хабарласып, қосымша адам шақырған. Қаза тапқан бала сол мейрамханада отырмаған. Ол сырттан келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!