Балалардың тісін жаппай құрт жеп жатыр
Ал ұл мен қыздың аузын ашып, тұрақты тісін тексеріп отырған ешкім жоқ. Сондықтан депутаттар бұл мәселені түбегейлі шешуді Денсаулық сақтау министрінен талап етті.
Автор: Жәудір Оразхан
09.01.2019
Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаты:
-Республикамызда балалар арасында тіс жегісінің таралуы 76 пайызды құрайды екен. Ал бірқатар ауылдық аумақтарда бұл көрсеткіш 98 пайызға жетеді. Астанадағы тек 6 мектепте стоматологиялық кабинеттер толық толық көлемде жұмыс істеп жатыр. Ал сонда басқаларын, олардың ішіндегі алыс аудандар мен ауылдардағы мектептер мен мектепалды мекемелерді қайтпекпіз?
Депутат ең алдымен жылжымалы мобильді кабинеттер ұйымдастыру үшін арнайы бағдарлама әзірлеу қажет дейді. Сонда қалалар мен ауыл-аймақтағы мектеп, балабақшада толық стоматологиялық қызмет көрсетіледі. Ал қазір ауылдағы ата-аналар тісі ауырған баласын қаладағы емханаға апарады. Онда да дәрігерлер салғырт қарайды. Емеуге ерініп, жұлып тастауға бейім тұрады. Оның үстіне стоматологиялық кабинеттерде маман мен құрыл-сайман жетпейді. Сондай-ақ, Дархан Мыңбай шұғыл тіс емдейтін диспансерлер жүйесін қайта қалпына келтіруді ұсынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!