{metadescription}
Астанада жарылыстан зардап шеккен тұрғын жан сақтау бөлімінде жатыр
Астанада жарылыстан зардап шеккен тұрғын жан сақтау бөлімінде жатыр

Астанада жарылыстан зардап шеккен тұрғын жан сақтау бөлімінде жатыр

Астанада газ резервуарының жарылысы кезінде зардап шеккен 62 жастағы Нури Махмұтовтың өміріне төнген қауіп сейілген. Десе де, жасанды тыныстандыру аппаратынан әлі ажыратылмапты.

Әлімжан Елжанов, дәрігер:

- Науқас Махмұтовтың ауруханаға түскен уақытта жағдайы ауыр еді. Тексеру кезінде оған миокард инфаркты деген диагноз қойылды. Жүрегі жарылыс кезінде сыр берген болуы мүмкін. Қазір қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр.

62 жастағы күзетші аумақты аралап жүргенде өрт шыққанын көріп, дереу «101» нөміріне хабар берген. Дегенмен кейін жарылыс болып өзі есінен танып қалыпты. Ал, жарылыстың қатты болғаны сонша, қарсы беттегі жатақхананың әйнектеріне дейін сынған. Бір қызығы төтенше жағдай қызметі сол кезде зардап шеккендер жоқ деп хабар таратқан еді. Тіпті құтқарушылар  жарылыстан жүрек талмасы ұстаған азаматты зардап шегуші ретінде танудан бас тартты. Себебі ол ауруханаға дене жарақатынсыз түскен екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде