Жамбылда адамды орақпен орып өлтірген қаскөйге үкім шықты
Бүкіл Жамбыл өңірін дүрліктірген атышулы іске қатысты сот үкімі шықты. Шу ауданының тұрғыны Дәурен Құралбаевты орақпен орып өлтірген қылмыскердің кінәсі толық дәлелденіп, енді ол 10 жылын темір торда өткізетін болды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
09.01.2019
Ләззат Ілиясова, судья:
-Іске бір-ақ адам ғана тартылып отыр. Қалған адамдардың қатыстылығы жөнінде нақты дәлелдемелер келтірілмеген. Сотқа жеткен жоқ, тергеп-тексеру барысында оның бәрі тексерілген. Көрсетпе алынған, оның бәрі дәлелін таппағандықтан тек күдікті Өскенбай ғана сотқа жіберілді.
Сөйтіп, осы 22 жастағы азаматтың жалғыз өзі ғана кінәлі деп танылды. Марқұм Дәурен Құралбаевты орақпен орған да, қарудан оқ атқан да Жұмажан Өскенбай екен. Әу баста 31 жастағы жігітті онға жуық адам жабыла, айуандықпен өлтірді деп марқұмның туыстары шағымданған еді. Бірақ, түптеп келгенде, қалғандарына қатысты дәлел болмапты. Еске салсақ, қанды оқиға Шу ауданы Тасөткел ауылының маңында болған еді. Бір топ жігіт арасында кикілжің туындап, соңы төбелеске ұласып, қару да қолданылған. Сол жанжал кезінде Дәурен Құралбаевтың денесі онға жуық жерден орақпен орылған. Ауыр хәлдегі оны жігіттер аурухана алдына ес-түссіз тастап кетіп, ол емдеу мекемесінде үш күн жатып көз жұмды. Ал марқұмның соңында жары мен үш баласы қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!