{metadescription}
Шымкентте оқушы қызды зорлады деген күдікпен педофилге іздеу жарияланды  
Шымкентте оқушы қызды зорлады деген күдікпен педофилге іздеу жарияланды  

Шымкентте оқушы қызды зорлады деген күдікпен педофилге іздеу жарияланды  

Шымкентте бірнеше күнен бері оқушы қызды зорлады деген күдіктіні іздеп жатыр. Педофил тоғыз жасар қызды зорлаған болуы мүмкін.

Жергілікті жұрттың айтуынша, жаға ұстатарлық оқиға құрылысы аяқталмаған мына ғимаратта болған. Жаттығудан қайтып келе жатқан оқушы үйіне жақындаған сәтте оған белгісіз біреу тап берген. Бүгін полиция сотқа дейінгі тергеу амалы басталғанын растады. Тәртіп сақшыларымен бірге жергілікті тұрғындар да күртеше киген күдіктіні іздеп жатыр. Жұрттың айтуынша, ол қашып бара жатқан кезде көшедегі бейне бақылау камерасына түсіп қалған көрінеді. Жергілікті білім басқармасындағылар зәбір көрген қызға психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.

Әшірбек Әдеев, Шымкент қалалық білім басқармасының бас маманы:

-Зорлау фактісі бала үйірмеден қайтқан кезде үйіне жетпей болған деп жатыр. Құрылысы бітпей қалған ғимаратта болған дейді. Бұл жерде енді психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Дегенмен телеарнаны пайдалана отырып, ата-аналарға балаларды мектепке әкеліп өз қолымен алып кетулерін сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде