{metadescription}
230 мың: Сұлтановтың орташа жалақыға қатысты сөзі қызу талқыға түсті
230 мың: Сұлтановтың орташа жалақыға қатысты сөзі қызу талқыға түсті

230 мың: Сұлтановтың орташа жалақыға қатысты сөзі қызу талқыға түсті

Астанада орташа жалақы 230 мың теңгеден асып түседі. Бүгін әкім Бақыт Сұлтанов мұны мақтанарлық жетістік ретінде айтты. Тіпті Сұлтанов әкім болғалы бірден үлескерлердің мәселесіне бел шешіп кірісіпті. Яғни алдағы бірнеше жылда тұралаған құрылыстарды салып бітіреміз деп уәде етіп отыр.

-Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, орташа жалақы мөлшері 230 мың теңге деген бұл қаланың соңғы 20 жылда жеткен жетістіктерінің бірі. Алайда бүгінгі орташа жалақы мөлшері осынша дегенге күмән көп. Өйткені, мамандардың айтуынша, Астанада тұрақты жұмыс істейтін 507 мың адам бар.

Орташа жалақы мөлшерін шығарарда соның тек 279 мыңы ғана есепке алынады. Ұлттық компаниялардың майлы орындарына жайғасқан топ-менеджерлерден бастап ең төменгі айлық алатындарға дейінгілердің табысын есептегендегі орташа көрсеткіш осы. Соның ішінде маңдайы терлеп, жүйкесі тозып жүрсе де ең аз табатындар сол баяғы мұғалімдер мен дәрігерлер. Ал дүкен сатушысы сынды ұсақ кәсіпорындардың жұмысшылары, сонымен бірге еш жерде жұмыс істемей, күнкөрісін өзі табатындар да бұл қатарға тіпті қосылмайды да.

Камила Ковязина,Тұңғыш Президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы :  

-Өзін өзі жұмыспен қамтитындардың табысын есептеу қиын. Өйткені, оларда ресми табыс көзі болмайды, жұмыс берушімен келісімшарт деген атымен жоқ, зейнетақы қорына төлемейді. Яғни, орташа жалақы мөлшерін есептегенде бүкіл жұмыс күшінің табысы қамтылмайды.

Бұрынғы Қаржы министрінің әкім болғанына 4 ай енді толса да шаруаға шындап кірісіпті. 3 жылдың ішінде тұралап қалған 29 құрылысты салып бітіреміз дейді. Онысы рас болса, мыңдаған үлескер рахметін жаудырайын деп тұр. Одан бөлек, қалаға қажет мамандықтар бойынша үй-жайын жақсарту үшін миллион теңгелік сертификаттар үлестірмек.

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

-Мемлекеттік бағдарламалар әлдеқайда қолжетімді болуы үшін білім беру мен денсаулық сақтау салалары және полиция қызметкерлеріне сондай 2 мың сертификат береміз. Жаңа жылға дейін де жүзін таратқанбыз. Оны баспана алу үшін бастапқы жарна ретінде қолдана алады. 

Әйтсе де әкім өзін әлеуметтік желілерде жабық, томаға-тұйық деп кінәлайтындарға ренжулі. Интернеттегі шағымдарды өзім қадағалап отырам дейді. Сұлтановтың ендігі мақсаты жұрттың Астана туралы түсінігін ақ жағалылар емес, бизнесмендер қаласы деп өзгерту. Қазірдің өзінде кәсіпкерлік қала экономикасының 58 жарым пайызын құрайды. Елімізде осындай көрсеткішке жеткен бірінші қала екен.

20 жылда аумағы 3 есе, халқының саны 4 есе өскен қаланың енді болашақ дамуының стратегиясы жасалып жатыр. Оны қала тұрғындары мен сарапшылардың ұсыныстарын ескеріп, жеті рет өлшеп бір кесіп, жазда Астана күні қарсаңында көпшілік назарына ұсынғалы отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде