{metadescription}
Алматыда 200-ге жуық көшенің атауы өзгерді
Алматыда 200-ге жуық көшенің атауы өзгерді

Алматыда 200-ге жуық көшенің атауы өзгерді

Алматыда 27 ықшамаудан мен 200-ге жуық көшенің атауы өзгерді. Түзету енгізуді қалалық мәслихат о баста ұсынған. Бастама қолдау тапты. Осылайша, жаңа жыл алматылықтар үшін өз жаңалығымен басталғандай.

Жаңа жылда жаңарған ықшамаудандарға жұртшылықтың құлағы бірден үйренуі қиын болар. Мәселен, бұқара Бутаковка деп атап кеткен Медеуге апарар жолдағы ықшамаудан бұдан былай Мұзтау деп аталады. Қанша жылдан бері санаға шегедей қағылған Ремизовканың енді Асқартау деген аты бар. Әйгілі Барахолка жақтағы Заря Востокты- енді Шапағат десек, Дубок-Шабыт, Трудовик-Томирис болды. Одан бөлек шаһардағы 185 көшеге де елге еңбегі сіңген қайраткерлердің есімі берілген. Атқамінерлер атауға келгенде жеті рет өлшеп, бір рет кесіп өте ыждаһаттылықпен шешім қабылдағандарын айтады.

Өтепберген Қалабай,  Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Ономастика бөлімінің басшысы:

- 185 көшенің 165 - не тарихи жер су атаулары мен ұлттық танымдық атаулар берілді. Ал 20 көшеге көрнекті қайраткер тұлғалардың есімі берілді.  Осылайша, Алматы қаласындағы арнайы қызметтерге қолайсыздық жасайтын түбегейлі негізінен шешілді.

Қазақ әдебиетінің абызы атанған Әбіш Кекілбаев, көрнекті ғалым Темірбек Қожекеев секілді біртуар тұлғалардың есімі енді Алматыда пайда болды. Одан бөлек Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовке де алып мегаполистен бір көше бекітілген.

Бас аяғы Алматыда 27 ықшамауданның атауы өзгерді. Оны бекіткен комиссия мүшелері бір шетінен сын есімге басымдық бергендей. Сөйтіп,  Ғаламат, Кемел, Нұршашқан, Байтақ ықшамаудандары пайда болса, 6 бірдей Алғабас - Нұркент, Ботагөз, Ақмаржан, Ғажайып, Дарабоз боп өзгертілді.  Одан бөлек көпшіліктің енді Нұр Алатау, Көк Майса, Мұзтау, Дария, Архат секілді ықшамаудандардың атына көздерін үйрете берулеріне тура келеді. Мәслихат депутаттары алдағы уақытта да бұл бастаманы жалғастырып, ел есіндегі ерлердің есімін ұмыт болмас үшін көшелерге беру үрдісін жалғастырамыз дейді.

Қали Сәрсенбай, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:

- Кезінде мықты тұлғалар ұмыт қалды. Есімізде жүргенменен аты көшеге беріліп, я болмаса аты жаңғыртылған жоқ. Енді жағдай түзеліп келеді.  Оларды  жоқтайтын кім? Мемлекет, оны жоқтайтын қоғамдық ұйымдар, әкімшіліктер.

Алып Алматыда екі жарым мыңға жуық көше бар. Оның бүгінде 70 пайызы атауын өзгерткен. Алда атауға байланысты әлі бірталай өзгерістің болары анық. Ал, түрленген көшелер мен ықшамаудандардың әзірге жаңартылған тақтайшалары қойылмады. Ол, үшін әр ауданның әкімдігі қазыналарынан ақша бөлуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде