{metadescription}
«Қарызды кім жабады?»: Алматыда Геленваген жаншып өткен көлік несиеге алынған
«Қарызды кім жабады?»: Алматыда Геленваген жаншып өткен көлік несиеге алынған

«Қарызды кім жабады?»: Алматыда Геленваген жаншып өткен көлік несиеге алынған

Алматыда Геленвагенімен жаншып өткен «Митцубиси» несиеге алынған екен. Қайтыс болған 33 жастағы жүргізушінің туыстары оның қарызын есептеуге кірісті.

Бұл - Бақытнұр Құнапияұлының ең соңғы видеосы. 29 – шы желтоқсанда ол Қаскелеңдегі «Аяжан» колледжінің ұжымы өткізген жаңа жылдық кеште Аяз ата болған. Отырыстан түн жарымда үйіне келген жігіт нәпақа табу үшін көлігіне мініп, Алматыға келген. Таңғы 5-тер шамасында 3 әйелді мінгізген Бақытнұрдың машинасына Абай мен Сейфуллиннің қиылысында Геленваген кеп соғылған. Салдарынан жүргізушімен қоса, белгілі актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы қайтыс болды. Тірі қалған тағы бір әртіс Айзада Сатыбалдиеваның беті енді бері қарады. Марқұмдар ақтық сапарға аттандырылғанымен, Бақытнұрдың артындағы қарызын өтеу қажет. Себебі, қос бірдей банктен көлік алу үшін алған несиесінің пайыздық үстемесі өсуі мүмкін. Марқұмның жақындары Қытайда. Күллі ауыртпалық атамекенге оралған қандастар мен әріптестерінің мойнында. Әзірге берешек сомасы нақтыланған жоқ.

Асылбек Нәбиұлы, марқұм Б.Құнапияұлының ағасы:

-2003-те келдік 2004-те Бақытнұр келді. Сонымен қолымызда өскен бауырымыз еді. Осындай жағдаймен айырылып қалып отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде