{metadescription}
0:000:00
Семейде жылуға екі есе ақы төлеуге мәжбүр болған жұрт наразылық білдірді

Семейде жылуға екі есе ақы төлеуге мәжбүр болған жұрт наразылық білдірді

Үйлеріндегі істен шыққан есептегіш құрылғысын ауыстыру үшін 120 пәтерден ақша да жиналған. Бір емес, үш мәрте. Алайда ақша да, жаңартылған ештеңе де жоқ. Соның кесірінен жылу ақысын елде жоқ тариф бойынша төлеуге мәжбүр. Ал әкімдік пен коммуналдық қызметтен қайыр жоқ дейді жұрт.

Тұрғындар есептегіш құрылғының жаңасын қою үшін қалталарынан шығарған ақшаларының қайда кеткенін білмейді. Олардың айтуынша, пәтері үлкендері 4 мың теңгеден, ал, соңы үш жарым мың теңгеден «Тұрғын үйді жөндеу-пайдалануға беру» серіктестігі тағайындаған төрағаға үш мәрте қаражат жинап берген екен. Әйтсе де, жеме-жемге келгенде олар сан соқтырды деп ашулы. Енді соның салдарынан тұрғындар тұтынған жылуға екі есе ақы төлеуге мәжбүр.

Гүлзада Тұрсынбаева, Семей қаласының тұрғыны:

- 15 406 теңге төлеймін. Ал жаңа жылға қағаз келген еді. Оны қызым төлеуге кетті. Ол да 12 мың теңгеден артық.

Ал төраға тұрғындардың өзін кінәлап отыр. Себебі, құны 473 мың теңге тұратын есептегіш құрылғыны сатып алуға тұрғындар ақшаны толық өткізбеген. Сондай-ақ, ол қаражатты үш емес, бір-ақ мәрте жинадық дейді.

Мұрат Мақұрсанов, «Тұрғын үйді жөндеу-пайдалануға беру» ЖШС өкілі:

- Бірінші подъезде 3 пәтер, ал біздің подъезде 9 пәтер берген жоқ. Қазір қанша сома жиналғанын білмеймін. Оны санаған жоқпын. Өйткені, әр подъезде старший бар жинайтын.

Он қабатты баспана аталған серіктестіктің балансында. Сондықтан жергілікті мамандар үйден шыққан ақауға тұрғындар қалтасынан қаражат шығаруға міндетті екенін айтады. Ал жылумен қамту мекемесі есептегіш құрылғы істен шыққандықтан төлемді пәтердің шаршы метріне сәйкес есептеп отыр. 

Құралай Дүйсенбаева, Семей қаласы ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Сол жылумен қамтушы мекеме жылуды тариф бойынша есептеп жатыр. Өйткені есептегіш құрылғының тексеруден өткізілмеуіне байланысты. Мәселе бойынша, бұл үйдің басқарушы органы тұрғын үй иелеріне жиналыс өткізіп айтқан болатын.

Осылайша, мамандар пәтердің шаршы метріне шаққанда жылу үшін төлем көбейетінін жасырмады. Сондықтан тұрғындар артық ақша төлегілері келмесе,есептегіш құрылғыны дереу ауыстыруы керек. Сондай-ақ, тұрғын үйдегі коммуналдық игіліктерге жекеменшік серіктестік жауапты болғандықтан, ешнәрсеге араласа алмаймыз деп ақталды. Ал тұрғындар қыруар қаржы жинап алғандарды сотқа бермекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.