{metadescription}
Талдықорғанда үш адам ыстан уланып көз жұмды
Талдықорғанда үш адам ыстан уланып көз жұмды

Талдықорғанда үш адам ыстан уланып көз жұмды

Талдықорғанда бір отбасының үш бірдей мүшесі ыстан уланып мерт болды. Қайтыс болған төрт және екі жастағы балалар және олардың әкесі. Тірі қалған тек отанасы. Оның өзі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Қайғылы жағдайды бірінші болып байқап, көмекке шақырған да әйел екен. Болжам бойынша, түтін пештен шыққан. Улы газдан екі нәресте мен ер азамат оқиға орында тіл тартпай кеткен. Ал бір-ақ сәтте күйеуі мен бауыр еті балаларынан айырылған келіншек қазір дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Канат Әбдірахманов, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Бізге түскенде жағдайы өте ауыр еді. 86 жылғы әйел. Біздің дәрігерлер бар күшін салды. Бірнеше рет барокамера сеансы қолданылды. Қазір жағдайы сәл де болса жақсарды. Есін жиып, реанимациядан шыққан соң онымен психологтар арнайы мамандар жұмыс істейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде