Түркістан облысында бала зорлаған оқушы 7 жылға сотталды
Түркістан облысына қарасты Абай ауылында бала зорлаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Сот алқасы оны кінәлі деп тауып, 16 жастағы оқушы енді өмірінің 7 жылын қауіпсіздігі орташа тәртіптегі колонияда өткізеді. Судья үкімді шығара бере сотталушының анасы айғайға басты.
Автор: Бек Әбиев
10.01.2019
- Әкесі де уайымнан өліп кетіп еді.
- Сабыр сақтаңыз, апай.
Дегенмен, сабырға шақыру оңайға соққан жоқ. Ал сотталушының өзі, үкім оқылғанда селт еткен жоқ. Жәбір көрген баланың өкілдері үкіммен келісетінін жеткізді. Жұртты дүрліктірген оқиға былтыр наурыз айында болған еді. Тергеу 6 айға созылып, сот былтыр қыркүйектің аяғында басталған еді. Сот процессі барысында сотталушы мен оның інісі баланы зорлағаны дәлелденген. Ал, қалған үш күдікті әлі 14 жасқа толмағандықтан, олардан айып алынып тасталды.
Сәмидин Темірәлиев, судья:
- Иесіз қалған үйдің ішінде жәбірленуші жасөспірім 2010 жылы туылған Б-ға қатысты күш қолданып, дәрменсіздігін пайдаланып, сексуалды сипаттағы әрекеттер жасап, оның артқы несіне бірнеше мәрте өзінің аталық мүшесін тыққан. Одан бөлек, 2017 жылы 25-ші қыркүйек күні де нақ осы тәсілмен өзі және бауыры А және көршісі кәмелетке толмаған И-мен бірге жасөспірім жәбірленуші Б-ға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!