Ақтөбелік полицейлер қылмыс жасаған әріптестері туралы бейнеролик түсірді
Шағын фильмнің кейіпкерлері қатарында былтыр істі болған полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасарынан бастап, учаскелік инспекторға дейін бар. Онда пара алып, алаяқтық жасап, тіпті бұзақылығымен шатылған 17 тәртіп сақшысының өмірі баяндалады.
Автор: Жаңалық Ахаш
11.01.2019
Бұл бейнеролик жалпақ жұртқа жария етуге арналмаған. Оны полиция департаментіндегілер жеке құрамдағы тәртіп сақшыларына көрсетпекші. 17 кейіпкердің бұрын қандай лауазымда болғаны және қандай қылмыс жасағаны жеке-жеке айтылады. Мысалы, зейнеткерлікке шығуына бір ай қалғанда 20 мың теңгені алам деп ұсталған жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Нәби Алдамжаров, полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Алтай Аңшыбаевтың мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін айыпталғаны айтылады. Жақында оқушыны мектепте соққыға жыққан учаскелік инспекторды да ұмыт қалдырмапты. Бұлардың басына түскен жағдайды көрген өзге полицейлерге бұл үлкен сабақ болар деген үмітте.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Бұл бейнеролик алдын алу мақсатында жемқорлықтың алын алуға жасалды. Бұл ролик қазіргі таңда бүкіл полиция департаментінің жеке құрамына көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!