{metadescription}
Таразда көпқабатты үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті
Таразда көпқабатты үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Таразда көпқабатты үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Денесін күйік шалған 45 және 35 жастағы екі азамат аурухаға түсті.

Әбілсейіт Сыдықов, №2 Тараз қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Бүгінгі таңда нуқастардың жағдайлары орташа деп танылды. Қазіргі кезде барлық ем-домдар жасалып жатыр.  Өмірлеріне қауіп жоқ.

Оқыс жағдай кеше кешкі 10-дар шамасында болған. Жапа шеккен екі азамат ас үйге кіріп шылым тұтатқан. Сол сәтте жойқын жарылыс болыпты. Дүмпудің қатты болғаны сонша есік терезелердің күл-талқаны шыққан. Көрші бөлмедегі әйел мен екі балаға еш зиян келмеген. Қазір жарылыстың нақты неден болғанын анықтау үшін мамандар ғимараттағы газ құбырларын тегіс тексеріп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде