{metadescription}
Павлодарда бас дәрігермен төбелескен шенеунік жұмысынан қуылды
Павлодарда бас дәрігермен төбелескен шенеунік жұмысынан қуылды

Павлодарда бас дәрігермен төбелескен шенеунік жұмысынан қуылды

Ақ халаттылар айқасының ақыры. Павлодарда бас дәрігермен төбелескен облыстық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды қызметкері ақыры жұмысынан кетіп тынды.

Адуынды атқамінерге бұған дейін тек сөгіс жарияланғантын. Өңірге мақтаулы медиктердің төбелесуіне №3 ауруханада болған жайт себеп. Сонда жатқан туысына мезгілсіз уақытта барған Нариман Шахмардановты кезекші ішке өткізбей қойыпты. Бұған ашуланған атқамінер бас дәрігер – Мәрлен Ахметовке хабарласқан. Кейін дау тура денсаулық сақтау басқармасы ішінде жалғасып, тіпті, жұдырық ала жүгірген. Жекпе-жекте бас дәрігердің көзілдірігі сынып, әйнегі қабағын тіліп кетсе, Шахмардановтың миы шайқалыпты-мыс. Бұдан соң әкімшілік сот әдеп бұзған атқамінерге 20 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

Эльмира Темірғалиева, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Шахмарданов мырзаға сөгіс жарияланды. Ол өз еркімен өтініш жазып, жұмыстан босатылды. Ал бас дәрігерлің қазіргі жағдайы жақсы, жұмысын орнында атқаруда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде