{metadescription}
Алматыда Гелендваген жүргізушісі мас күйінде көлікке отырған
Алматыда Гелендваген жүргізушісі мас күйінде көлікке отырған

Алматыда Гелендваген жүргізушісі мас күйінде көлікке отырған

Алматыда 3 адамның өліміне себепкер болған Гелендваген жүргізушісі мас күйінде көлікке отырған. Сараптама қорытындысы шыққанан кейін бұны полиция ресми түрде растады. Бірақ жүргізушінің жеке басы туралы ақпарат құпия ұсталуда.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция департаментінің  ресми өкілі:

-Гелендваген маркалы автокөліктің жүргізушісі ішкілікке сылқия тойып алған. Сөйтіп ірі жол апатын жасаған болатын.

2018 жылдың 29 желтоқсанында Мерседес Гелендваген Абай мен Сейфуллиннің қиылысында Мицубисиды бүйірден соғып, қарсы жолға шығарды. Қайғылы оқиға таңғы 5-тер шамасында болды. Күдікті жол апат орнынан қашып кеткен. Салдарынан Мицубисиді тізгіндеген жүргізушімен қоса, белгілі актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы қайтыс болды. Тірі қалған тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева қазір ауруханада жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде