{metadescription}
Ақтөбелік таксиші көлігінде бір миллион теңгесін ұмытқан жолаушыға ақшасын қайтып берді
Ақтөбелік таксиші көлігінде бір миллион теңгесін ұмытқан жолаушыға ақшасын қайтып берді

Ақтөбелік таксиші көлігінде бір миллион теңгесін ұмытқан жолаушыға ақшасын қайтып берді

Жас жігіттің адалдығына жолаушы ғана емес, тәртіп сақшылары да тәнті болып отыр.

Бүгін такси жүргізушісі мен оның досын облыстық полиция департаменті басшысының өзі қабылдады. Алғысын айтып, мақтау қағазын қолына ұстатты. Ал Нәби Аслан мен Дарын Ембергенов мұндай құрмет күтпегендерін айтады. Жеке көлігімен қыдырып жүрген жастар түнде жол бойында қол көтеріп тұрған азаматты көреді. Оны діттеген жеріне апарып тастайды. Біраз уақыт өте артқы орындықтан қомақты қаржыны табады. Ақшаның иесін алғашқыда өздері іздеп көрген. Одан соң полиция бөлімшесіне апарып тасбыстапты.

Дарын Ембергенов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Иә, санадық. Миллион бір жүз мың ақша болды. 20 мың купюрадан бір бума. Содан кейін полицияға бардық. Бірақ ешқандай шағым түспеген екен. Сол жерде полиция қызметкерлерінің қолдарына ақшаны тапсырдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде