{metadescription}
Алматыда заңсыз таксишілермен күрес басталмақ
Алматыда заңсыз таксишілермен күрес басталмақ

Алматыда заңсыз таксишілермен күрес басталмақ

Осылайша, көшеде қол көтеріп тұратындар мен оларды таситын жүргізушілердің қарасы азаяды.

Әкімдік бұл қадам арқылы қаладағы кептеліс азаяр деген үмітте. Шаһарда таң мен кеште полицейлер көлденең көк атты таксишілерді анықтау шарасын өткізеді. Сонымен қатар, Алматыда «Жолақ» бағдарламасы жұмысын бастап кетті. Автобустарға  орнатылған камера ойқастаған, ережені елемеген көліктер туралы ақпаратты полиция департаментіне демде түсіріп тұрады. Айта кетейік, ертеңнен бастап Шығыс айналма жолы,  Әл-Фараби, Сайын көшелеріндегі рұқсат етілген жылдамдық 60-қа өзгертіледі. Осыған дейін бұл жерлерде сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болатын.

Алмас Бимендин Алматы қаласы әкімдігі Жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы:

- Өзгерістің қаладағы көлік қозғалысына кері әсері болмайды. Өйткені, кептеліс уақыттарында ол жақтағы жылдамдық орташа отыздан аспайды. Әрине, демалыс күндері, түнгі уақыттары көше бос болады. Бірақ, енді тәртіпті бәріне сақтауға тура келеді. Бұл ең алдымен қауіпсіздік үшін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде