{metadescription}
Алматы облысында бірлестік төрағасы айтқанына көнбегендердің электр қуатын қиып тастады
Алматы облысында бірлестік төрағасы айтқанына көнбегендердің электр қуатын қиып тастады

Алматы облысында бірлестік төрағасы айтқанына көнбегендердің электр қуатын қиып тастады

Жарық үшін жанталас! Алматы облысында саяжай тұрғындары бірнеше айдан бері қараңғыда отыр. Көпшіліктің айтуынша, іргелес орналасқан бау-бақша бірлестігінің төрағасы өзі басқаратын серіктестікке мүшелікке өтіңдер деп қинаған. Көнбегендердің электр қуатын қиып тастапты. Ал бірлестікке мүше болу құны - 150 мың теңге. Бұл талапқа 11 отбасының көнгісі жоқ.

Іле ауданына қарасты Междуреченск ауылдық аймағындағы саяжайда үйреншікті жағдайға айналды. Іргелес орналасқан саяжай бірлестігінің басшысы электрик ертіп келіп, бағанадағы сымдарын қиып жатыр. Айшолпан Әзірбаева жолдасы және 3 баласымен саяжайда тұрады. Атамекенге Қарақалпақстанан оралыпты. Отбасы мүшелері жарықсыз өмірге үйренген. Өркениет ырзығынан құр қалған балалары теледидар көрмейді, майшаммен сабақ оқиды. Ал тұрмыстық техника тозып тұр.

Айшолпан Әзірбаева, ауыл тұрғыны:

- Осы үйді Мұстафина Раядан  алған болатынмын. Менің осы мүліктерім осы қоқыс жәшігімен  пара - пар болып қалды. Енді тоқ жоқ.

- Ол 2001 жылы саяжайдан жер телімін 4,5 мың долларға сатып алып, өз күшімен баспана тұрғызған. Үйінің қазіргі күйі осы. Қаңырап бос тұр. Жарық болман соң көршілес ауылдағы туыстарын паналауға мәжбүр.

Қамаш Таңатарова, ауыл тұрғыны:

- Осы құжатымызды жасап берген әкімдер, қаулы шығарып беріп отыр. Сол үшін құжаттар жасап берген адамдар жауап беруі керек қой. Біз не үшін жәбір көруіміз керек? Біз жер салықтарын бәрін төлеп отырмыз.

Тұрғындардың айтуынша, іргелес жатқан саяжай бірлестігінің басшысы 11 үйді қоластына күштеп өткізуді көздейтін көрінеді.

Әділ Әйтімбетов, ауыл тұрғыны:

- Сәуірден  бері қарай біз 3 ай жарықсыз  отырдық. 150 мың теңге бізден сұрап жатыр. Біздің мүшелігімізге өтесіздер дейді мәжбүрлі түрде.

Саяжайдағы жұртты жыл бойы жарықтан тарықтырған белгілі қоғам белсендісі Ерсайын Ерқожа өз әрекетінің заңды екенін алға тартады. Ол «БалтаГҮЛ» мен «БалтаКӨЛ» атауы бөлек болғанымен, құжат бойынша екеуі бір серіктестік және ол өзіме тиесілі. Ай сайын жарық, су және саяжай бірлестігінің жарнасын төлеп отырмын» дейді.

Ерсайын Ерқожа, «балтакөл бақ өсірушілер серіктестігі» тұтыну кооперативінің төрағасы:

- Бірінші мәселе «Балтагүл» деген жоқ. «Балтагүлге» ешқандай жер бөлінбеген. Олар біздің жерімізді білім министрлігінің адамдары Астанаға кеткен кезде 99 жылдан бастап 2006, 2007 жылдары басып алған азаматтар бұлар. Сөйтіп қазір сот бойынша әйел сотталып, иелері өз жерлерін алды.

Іле аудандық әкімдігі жағдаймен таныс. Ал тараптар арасындағы жарыққа қатысты даудың созылғанына 10 жылдан асқан. Шенеуніктердің айтуынша, барлық мүліктік  қатынастар тұтыну кооперативінің ішкі жарғысына сәйкес жүргізілуі тиіс. Бірі қарсы тарапты қысым жасады десе, екіншісі сотта жердің өзіне тиесілі екенін дәлелдеп әлек. Әзірге тығырықтан шығудың жалғыз жолы - ымыраға келу. Ал бағанадан электр сымдарын кесіп алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде