{metadescription}
ШҚО-да қираған жатақханада жалғыз отбасы тұрып жатыр
ШҚО-да қираған жатақханада жалғыз отбасы тұрып жатыр

ШҚО-да қираған жатақханада жалғыз отбасы тұрып жатыр

Шығыс Қазақстанда аумағы бес мың шаршы метр болатын баспанада үш-ақ адам тұрып жатыр. Риддердегі бұрынғы жатақхананы тұрғындар осыдан 20 жыл бұрын тастап кеткен. Күйі жоқ, жөндеу жасалмаған тұрғын үйді қалпына келтіруге әкімдіктің әлі жетпей отырған көрінеді.

Күйі жоқ үйдің жалғыз тұрғындары Ивановтар отбасы. Тесілген төбе, көгерген қабырғаға көздері үйренген. Бастарына түскен баспақшылға қарамай бес қабатты баспанада бой тасалап келеді. Басқа басар жері жоқ.

Татьяна Иванова, Риддер қаласының тұрғыны:

-Алғашында қорқынышты болды. Қазір үйреніп кеттік. Қалада бұрынғы комбинаттың жатақханасы десе бәрі онда жалғыз Ивановтардың тұратынын біледі.

Ет өңдейтін комбинат жиырма жыл бұрын жабылғанда жұрт жатақханадан жаппай көшкен. Қазір бес қабатты үй жұттан шыққандай жұпыны. Қаңыраған, аңыраған, қараусыз қалған үйді қалпына келтіруге қазынадан қаржы қарастырылмаған.

Қуат Мұхамеджанов, Риддер қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

-Бір жылдай жұмыс істедік. Жергілікті кәсіпкерлерге дәріхана не сауда орталығы ретінде салуды ұсындық.  Ол үйде негізі 42 пәтер бар, соның 32 қараусыз  болған.

Жөндеудің орнына әкімдік бұрынғы жатақхананы көктемде жермен жексен етпек. Ал Ивановтардың үй кезегіне тұрудан басқа амалы жоқ. Оның өзі қашан берілетіні белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.