{metadescription}

«Қорбаңдаған жүрісі ұнамаған»: Бастығын атып өлтірген сержантқа қатысты сот басталды

Өз кабинетінде оққа ұшып, тіл тартпай кеткен взвод командирі Рүстем Рақышевтің туыстары сотталушыға ең қатаң жаза кесуді сұрап отыр. Жәбірленуші тараптың адвокаты күдікті қылмысты алдын ала жоспарлағанын айтады. Табелдік қарумен жеті рет оқ атқан Серік Гарифовқа бастығының жүрісі мен қатал бұйырығы ұнамаған көрінеді.

Ақжайық ауданын дүр сілкіндірген оқиға бес айдан кейін ақыры сотқа жетті. Алғашқы процеске келген журналистердің қарасы қалың. Осы уақытқа дейін сан мәрте сараптама жасалып, айыпталушы Серік Гарифовтың аффект күйінде адам өлтіргені анықталды. Бұл қорытынды жәбірленуші тараптың наразылығын туғызды.

Айгүл Орынбекова, адвокат:

-Бастығын өлтірген Гариф кезекші бөлімге келіп, «болдым» деп айтқан. Яғни, ол жоспарын орындады. Айыпталушы өзінің жауаптарында бұл қадамға ашу мен кек алу мақсатында барғанын айтқан. Оған «аю секілді жүретін» Рақышевтың жүрісі ұнамаған екен. Бірақ Рақышевтың тарапынан ешқандай намысқа тию және қорлау әрекеттері анықталмады.

Ал айыпталушы Серік Гарифовтің бет-жүзінен өкініштің нышаны да байқалмайды. 24 жастағы сержант Ақжайық ауданы мамандандырылған күзет батальонында үш жыл қызмет етіпті. Еске салсақ, бес ай бұрын ол бастығына табельдік қарумен жеті рет оқ отқан. Әлі күнге дейін өз өздеріне келе алмаған марқұмның туыстары соттан айдын күннің аманында арыстай азаматымызды ажал құштырған қаскөйге ең ауыр жазаны тағайындауын сұрады.

Жасқайрат Рақышев, марқұмның әкесі:

-Сау адамды өлтірді. Оның отбасын енді кім асырайды? Бұлай істеуге бола ма? Бейбіт күнде полиция қызметкерлері бір-бірін өлтіріп жатыр. Өмір бойына бас бостандығын айыруды сұраймыз. Айыпталушы тарапынан ешкім кешірім де сұрамады.

Сотталушы жәй адам өлтіру баба бойынша айыпталған. Алайда жәбірленуші тарап мұнымен келіспейді. Өйткені олар қаскөй өз әрекетін алдан ала жоспарлаған деп есептейді. Тергеу барысында мәлім болғаны, бастығына оқ жаудырған сержант соңғы күндері өзімен бірге пышақ алып жүріпті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.