Жамбылда өрістегі малды атып алатын ұрылар ұсталды
Әккі барымташылар бұл жолы 7 бас сиырмен қолға түсіп отыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.01.2019
Мына тушалар Мойынқұмның жайылымында атылған. Күдіктілер кісінің малын аяусыз бірінен кейін бірін жайратып салған. Сөйтіп олжаны екі «Ниваға» тиеп, шұжық цехына өткізуге алып шығыпты. Бірақ зеңгі баба тұқымының тек бесеуі ғана жеңіл машинаға сыйған. Қалғандарын қансыраған күйде ми далаға тастап кетіпті. Бірақ қарақшылардың бұл жолы арам ойы жүзеге аспады. Жоғалған мал иелері дереу полицейлерге хабар берген соң, екі барымташы Тұрар Рысқұлов ауданы маңында құрыққа ілінді. Оның біреуі бұрын ұрлық жасап істі болған екен. Бұлардың тағы бір сыбайласы болуы мүмкін деген дерек бар. Сондықтан оол іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, сиырларға оқ 16 калибрлі аңшы мылтығынан атылған. Қазір өлген малдын еті қожайындарына қайтарылып, осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!