{metadescription}
Теміржол билетін қайтарғандарға айыппұл салынбайды
Теміржол билетін қайтарғандарға айыппұл салынбайды

Теміржол билетін қайтарғандарға айыппұл салынбайды

Жолаушылардың жаппай шағымынан кейін арзан билетті қайтарғандарға салынатын айыппұл алынып тасталды. Адамдардың наразылығына байланысты «Жолаушылар тасымалы»  компаниясы  осындай қадамға баруға мәжбүр болыпты.

Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

-Жолаушылардың тарапынан келіп түскен шағымдарды ескере отырып, 3500 теңгеге дейін тұратын билетті қайтарған сәтте ұсталынатын 1000 теңге көлеміндегі айыппұл мөлшері алынып тасталды. Ал 3500 теңгеден асатын қымбат билеттерді қайтарған сәтте, бұл комиссиялық алым өзгеріссіз қалды. Яғни 1000 теңге алынып қалынады билеттен, билет бағасынан.

Негізі, «Жолаушылар тасымалы»  былтыр жазда 3 мың 500 теңгелік билетті  қайтарғандарға 1000 теңге айыппұл салу туралы ереже енгізген еді. Осы  арқылы заңсыз билет саудалап жүрген делдалдардың жолын кеспек болған. Айыппұлдан кейін билеттен бас тартқандар саны 30 пайызға азайған.  Десе де «Қазақстан темір жолы» 3 мың 500 теңгеге дейінгі билеттерге толық жеңілдік жасап отырған жоқ. Егер арзан билетті тура  жол жүретін күні, уақыт аз қалғанда  қайта өткізсеңіз, комиссия ұсталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде