«Пышақтың қалай кіргенін білмедім»: Нұралы Қиясов кінәсін мойындады
Кінәсін толық мойындады. Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысында күдікті Нұралы Қиясов жауап берді. Осыған дейін денсаулығын сылтауратып, түсінік беруден жалтарған айыпталушы Олимпиада жүлдегеріне қалай пышақ сұққанын айтып берді.
14.01.2019
-Арман досым құлап қалды. Сосын мен оны қорқытамын деп ойладым. Қорықса қашады, біз де ары қарай қашамыз деп ойладым. Өзім де пышақтың қалай кіріп кеткенін білмей қалдым.
Прокурорды шатастырып, тағылған айыпты мойындамай келген Нұралы Қиясов адам өлтіру ойымызда болмады деп отыр. Ол ақшадан қиналғандықтан қымбат көліктердің айнасын ұрлауды ғана жоспарлағанын жеткізді. Сондай-ақ, Қиясов өзінен жүкті болып қалған Манзура есімді қызға түсік тастайтын дәріге ақша іздегенін растады. Сөз соңында сотталушы жалынышты үнмен болған жайтқа қатты өкінетінін айтып, марқұм Денис Тен мен дүйім жұрттан кешірім сұрады. Айта кетейік, осыған дейін тағы бір күдікті Құдайбергенов айна ұрлағанын мойындаса, Жанар Толыбаева қылмыс болатынын алдын ала білмедім деп ақталған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!