Алматыда жарылыс жасамақ болғандардың жолы кесілді
Қырғын жасамақ болғандардың жоспары жүзеге аспады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері «лаңкестік жасауға дайындалды» деген күдікпен бірнеше шетелдікті ұстады. Аса қауіпті азаматтар Алматыда қолға түскен.
Автор: Жәудір Оразхан
14.01.2019
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы күдіктілер жасырынған пәтерге басып кіріп, 6 адамның қолына кісен салды. Баспананы тінту кезінде талай күмәнді зат табылған. Тіпті диванның астына дейін толтырып тастапты. Күдіктілер қару, оқ, ұялы телефондар, араб әріптерімен жазылған қағаздар мен блокноттар, крахмал, белгісіз сұйықтық құйылған бөтелкелер, ұнтақ толы пакеттер, жарылғыш заттарға арналған құрылғылар жинаған. Және бұлар ДАИШ лаңкестік тобымен тікелей байланыста болыпты. Шетелдіктер сол содырлардың тапсырмасымен Алматыда адам көп жүретін жерде теракт жасауға дайындалған деген күдікке ілігіп отыр. Ұсталғандардың қай елдің азаматтары екені айтылған жоқ. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!