Шенеуніктерге торт сыйлағандар жауапқа тартылды
Жаңа жылдық мерекеде жұрттан сыйлық алған шенеуніктер жазаланды. Көбіне тұрғындар мемлекеттік қызметкерлерге торт, кәмпитпен қоса, 2 мың теңге ұсыныпты.
Автор: Жәудір Оразхан
15.01.2019
Равиль Төлебаев, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры:
- Бұл жерде әкімшілік айыппұлдың сомасы, егер қысқартылған түрде жүретін болса, 300 АЕК, яғни, миллионнан астам айыппұл салған болатынбыз. Жалпы, жыл бойын алатын болсақ, 37 адам айыппұлға тартылды.
Әсіресе, Шымкент қаласының тұрғындары шенеуніктерді қуантуға құмар екен. Шаһар жұрты әкімдік, басқарма, аурухана мен мектеп қызметкерлеріне жиі сыйлық жасайды. Жемқорлыққа қарсы агенттік мерекеде рейд жүргізіп, сыйлықтарды санап та шыққан. Сонымен, жаңа жыл қарсаңында Шымкентте – 52, Алматы облысында – 40, Түркістан облысында – 13, Павлодар облысында – 6 атқамінер сырттан келген сыйлықтан бас тартпаған. Солтүстік Қазақстан облысы Статистика департаментінің екі қызметкері тұрғындардан торт алған. Ал Қарағанды облысы Мемлекеттік кіріс басқарамасының қызметкері рақмет ретінде 2 мың теңге алғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Тұрғындар шенеуніктерге көбіне кітап, сувинер, спирттік ішімдік пен тәттілер алып келеді екен. Заң бойынша атқарған жұмысы үшін жұрттан сыйлық қабылдағандар әкімшілік, тәртіптік, тіпті, қылмыстық жауапқа тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!