Астанадан Берлинге ұшуы тиіс ұшақтар кешігуге мәжбүр
Германияның сегіз ірі әуежайы наразылық шарасына дайындалып жатыр. Осылайша, Франкфурт, Мюнхен, Ганновер, Бремен, Лейпциг, Дрезден мен Эрфурттағы ұшу кестесі бұзылады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
15.01.2019
Мәселен, бір ғана Майндағы Франкфурттың өзінде әр үшінші рейс ұшпайды. Сондықтан Германиядағы 220 мың жолаушыны бас көтерудің теріс әсері шарпиды. Оның ішінде отандастарымыз да бар. Мәселен, Назарбаев әуежайынан «Эйр Астананың» Франкфуртқа бет алуы тиіс болған екі ұшағы әзірге ұшпайтын болды. Алматыдан осы бағытқа таңда аттанған әуе кемесінің де кешігіп қонатыны хабарланды. Даудың басы Верди кәсіподағының талабынан басталды. Олар жүктерді тексеріп, қауіпсіздікке жауап беретін 23 мың қызметкерге сағатына 20 еуроға дейін төлеуді талап етіп отыр. Ал, жұмыс берушілер бұл талапты негізсіз дейді. Керіссіз келісімге келу үшін екі тарап 23-ші қаңтарда Берлинде бас қоспақ. Бірақ оған дейін наразылық шарасы бәрібір өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!