{metadescription}
Семейдің шетіндегі көшені су басып жатыр
Семейдің шетіндегі көшені су басып жатыр

Семейдің шетіндегі көшені су басып жатыр

Қаңтар айында күн күрт жылынғандықтан мұнда жер асты су көтеріліп кеткен. Осының салдарынан қыстың көзі қырауда жайылған суға үйдің іргетасы шыдас бермей, сөгілуде. Тұрғындар болса, жергілікті биліктің салақтығына қынжылады. Олардың айтуынша, коммуналдық қызмет бітелген арықтарды дер кезінде тазартпаған екен. Ал, атқамінерлер керсінше жұрттың өзін кінәлап отыр.

Мұндағы жұрттың үрейі ұшып отыр. Өйткені, олар осыдан 8 жыл бұрын тасқынның астында қалған болатын. Сол сәтте күлден тұрғызылған баспаналар қызылсуға шыдас бермей шетінен құлаған еді. Енді тұрғындар тағы да далада қаламыз ба деп алаңдаулы. Олардың айтуынша, жауаптылар су ағатын тоғандарды тазартуға құлық танытпаған. Соның салдарынан, көше мен үйлердің ауласын жер астынан шыққан су басып жатыр.

Мөлдір Базарханқызы, Семей қаласының тұрғыны:

-Үйдің іргетасы сынып та кетті. Су көтеріліп жатыр. Және кісілер кірмекші болған. Олар да кіре алмады. Не әжетханаға жете алмаймыз. Сол үшін ата-анамыздың үйіне көшіп кеттік.

Кешеден бері жұрт тиісті мекемелерге қоңырау шалумен болған. Әйтсе де, оқиға орнына коммуналдық қызмет әрең жетті деп наразы. Бірақ,  бұған шенеуніктер тұрғындардың өзін кінәлап отыр. Арықты бітеме деген ескертпелеріне ешкім құлақ аспаған екен. Тіпті, кейбіреуі су ағатын тоғанның үстіне үйде тұрғызып алыпты.

Николай Ушаков, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

-Бұл баспана заңды түрде салынбаған. Тіпті, тіркеуде де жоқ. Көп жағдайда тұрғындардың өзі кінәлі. Арықтарға тұрмыстық қалдықтарды тастайды. Одан қалса, жер жоқтай тура сол жерге құрылыс салады.

Дегенмен, көтерілген жер асты суына тосқауыл болу үшін комуналдық мекемеден екі арнайы техника мен 7 адам жұмылдырылды. Олар, бітелген арықтарға ыстық су жіберіп тазарту жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, шенеуніктер қауіпті аймақтарды қатаң бақылауға алғандарын да жеткізді. Сондықтан олар биыл жұрт тасқынның астында қалмайды деп ант су ішіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.