{metadescription}
Алматыда несиесін жаба алмаған бай-бағландардан тікұшақтары тәркіленді
Алматыда несиесін жаба алмаған бай-бағландардан тікұшақтары тәркіленді

Алматыда несиесін жаба алмаған бай-бағландардан тікұшақтары тәркіленді

Байлар да несиесін төлей алмай жүр. Алматы қаласында өткен жылы банкке берешегі бар ауқатты азаматтардан әрқайсысы 10 миллионға бағаланған екі тікұшақ пен премиум класс бірнеше автокөлік тәркіленген. Бір қызығы, олардың арасында саясат пен бизнес саласындағы алпауыттар бар.

Олар көп жағдайда соттың шақыруын елеп-ескермейді екен. Заңға бағынбағандардан сот орындаушылары жалпы сомасы 600 млн теңгеден астам қаржы, 15 жылжымайтын мүлік, оның ішінде жер тілімдері, пәтер және паркингтерді мемлекет пайдасына өндіріпті. Борышкерлердің арасында алимент төлеуден жалтарған әкелер де бар. Перзенті алдындағы борышын өтеуден қашып жүрген жауапсыз бай-бағландардың бағалы зергерлік бұйымдары, дүние-мүліктері және 24 автокөлігі тәркіленген.

Бағлан Тұрсынбаев, сот орындаушысы:

-Тікұшақ кез келген адамда бар деп айту қиын. Заң барлығына бірдей. Сен миллионер бол, шенеунік бол оған қарамайды. Статистикаға қарайтын болсақ, жылдан жылға несие төлей алмаған немесе алимент төлемегендер керісінше көбейіп жатыр. 2018 жылы шамамен мыңнан астам тәркілену жұмыстары жүрді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.