Шұжықтың 143 түрінен шошқа днк-сы табылды
Денсаулық сақтау министрлігі дүкен сөрелеріндегі ет өнімдерінен сынама алып, құрамында көрсетілмеген заттарды анықтады.
Автор: Досжан Маратұлы
15.01.2019
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Шұжық өнімдерінің 143 сынамасында өнімнің жалған екендігі анықталды. Жалпы, өнімдердің қауіпсіздігі мониторингі бойынша сәйкес келмейтін өнімнің негізгі бөлігі яғни, 66 пайызы ол импорттық өнім. Ал, 34-і отандық өндірушілердің өнімі болып табылады.
Құрамы мен сыртындағы жазуы бір-біріне сәйкес келмейтін азық-түліктің көшін ресейлік импорт бастаса, екінші орында Белорусь тауарлары тұр. Әрі шұжық қана емес, сүт өнімдері де талапқа сай болмай шыққан. Сондықтан 22 мыңнан астам тауар базар мен дүкен сөрелерінен алынып, оны өндірген кәсіпкерлерге 70 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Әрі өнімінен кінәрат шыққан елдермен арадағы шекарада санитарлық бақылау күшейтілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!