{metadescription}

Ақмола облысында енді қызылшамен дәрігерлердің өздері ауыра бастады

Медицина қызметкерлері науқастарға ем-дом жасап жүріп, осы індетті жұқтырыпты.

Әсем Төлеубаева, Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

-Бүгінгі таңда 6 медицина қызметкері қызылша ошағындағы адамдармен қарым-қатынаста болған. Олар ем қабылдап, медициналық бақылауда отыр.

Мамандар медицина қызметкерлерінің инфекция жұқтыруына олардың вакцина алмауы, болмаса, иммундық қабілеттерінің төмендеуі де себеп болуы мүмкін,-дейді. Қазірдің өзінде Ақмола өңірінде 77 адамнан қызылша дерті байқалған. Олардың барлығы есепке алынып, жұқпалы дерт ошақтарында залалсыздару шаралары жүргізілді. Медицина қызметкерлеріне эпидемияға қарсы екпе жасаудың тиімділігі түсіндіріп жатыр екен. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі енді сәбилерге 1 жастан емес, 9 айынан бастап вакцина салмақшы. Өйткені, ауыруға шалдыққандардың басым бөлігі екпе алып үлгермеген сәбилер.

Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Елімізде осы аурудың көтерілуі байқалып жатыр. Былтырғы жылдың қараша айынан бастап зерханалармен расталған 1 мыңға жуық жағдай тіркелді. Толығымен вакцинация жүргізу үшін вакцина бар. Тағы  100 мың вакцина сатып аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде