{metadescription}
Қарағанды облысында браконьерлерден таяқ жеген инспектор қайтыс болды
Қарағанды облысында браконьерлерден таяқ жеген инспектор қайтыс болды

Қарағанды облысында браконьерлерден таяқ жеген инспектор қайтыс болды

Қарағанды облысында браконьерлерден оңбай таяқ жеген табиғат қорғау инспекторы Ерлан Нұрғалиев тілге келместен көз жұмды. Пышақ жарақатын алып, жансақтау бөлімінде жатқан инспекторды дәрігерлер аман алып қала алмады. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігіндегілер мәлімдеп отыр.

 

Ал екінші инспектор қазір ақ халаттылардың бақылауында. Еске салсақ, табиғат қорғау инспекторлары алғашында далада атылған бес киікті тауып алған. Кейін мемлекеттік нөмірлері жоқ көлікпен қашқан аңшыларды қуып, бірін тоқтатады.Алайда, жол талғамайтын темір тұлпардан түскен үш браконьер екі инспекторды аямай соққыға жыққан. Өлімші етіп сабап, далада тастап кетіпті. Қаскөйлерді тәртіп сақшылары әлі таппай жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде