{metadescription}

Шымкентте педофил ұсталды

Тергеу мәліметі бойынша, 9 жасар қызға зәбір көрсетті делінген күдікті Алматы тұрғыны екен.

 

Әсел Сәденова, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

-Осы жылдың 5-ші қаңтарында Шымкент қаласында орын алған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді зорлауға қатысты күдікті тұлға анықталып ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсталған азаматтың қылмысқа қатыстылығы куәлермен жәбірленушінің өзі берген түсініктерімен расталды.

Сұмдық жағдай Шымкенттің шеткі жағында он күн бұрын болған еді. Көшеде үйіне қарай келе жатқан қыз баланы ересек жігіт бітпей қалған баспаналардың біріне сүйреп алып кетіп, оған зәбір көрсеткен. Осыдан кейін күдіктіні тәртіп сақшыларымен қосылып, тұрғындар да іздеді. Енді, міне, бірнеше күннен кейін қолға түсті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде