{metadescription}
Маңғыстау облысында екі жігітті атып кетті
Маңғыстау облысында екі жігітті атып кетті

Маңғыстау облысында екі жігітті атып кетті

Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткенмен, ақ халаттылар өлім аузынан арашалап қала алмады.

Бақылау камерасындағы видеода оларды қабылдау бөліміне әкелген сәті түскен. Қайғылы оқиға Атамекен ауылындағы дүкен жанында болған. Сөзге келген жігіттердің арасындағы жанжалдың соңы атысқа ұласқан. Осылайша, 25 және 27 жастағы азаматқа оқ тиген. Полиция қасақана адам өлтіру деген баппен іс қозғап, екі күдіктіні ұстаған. Ал, жергілікті тұрғындар мұндай текетірестің Мұнайлыда жиі болатынын, бәріне кінәлі жақын жердегі букмекерлік орталық дейді.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Дәрігерлер шұғыл түрде жан сақтау шараларын жасады. Өкінішке орай екеуін де аман сау алып қалу мүмкін болмады. Олардың біреуінде кеуде қуысының оң жақ бөлігінің жоғары тұсынан оқ жарақаты алынған. Екіншісінде кеуде қуысының сол жақ бөлігінің тұсынан оқ жарақатын алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.