{metadescription}
Сағынтаев халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын сынға алды
Сағынтаев халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын сынға алды

Сағынтаев халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын сынға алды

Премьер Бақытжан Сағынтаев «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының жұмысын сынға алды. Өйткені, онлайн қызметтердің саны артса да, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезек азаймай тұр.  Жұрт үйден шықпай-ақ шаруасын тындырудың орнына, әлі орталықтарда сабылып мәжбүр.

Дәл қазір халыққа қызмет көрсету орталықтары 740-тан астам қызмет түрін көрсетеді. Оның 451-ін үйден шықпай-ақ E-gov сайтынан онлайн алуға болады. Бірақ, мұндай мүмкіндікті барлығы пайдаланып отырған жоқ. Мәселен, автокөлікті тіркеуге алу және одан шығару қызметі жарты жылдан бері онлайн көрсетіледі. Бірақ, интернеттің көмегіне жүгінгендер саны өте аз. Өйткені, қызметті электронды түрде қалай алу керектігін бірі білсе, бірі білмейді. Ақыр соңында орталыққа барып сағаттап кезек күтуге мәжбүр.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-Аяғымен орталыққа  барып, адаммен жүзбе-жүз сөйлескенде бәрі түсінікті. Ал интернетке кіріп қарайын десе, көп сұрақтар бар. Түсінбейді. Сосын басы қатқанша, барады да автобусына немесе көлігіне мініп, қызмет көрсету орталығына  барады. Сол ақпараттық түсіндіру жұмыстары нашар деген сөз.

Ал, «Азаматтарға арналған үкімет» корпарациясындағылар «қызметті онлайн пайдалан» деп ешкімді мәжбүрлей алмаймыз дейді. Айтуларынша, мекен-жай немесе сотталмағаны туралы анықтаманы үйден шықпай-ақ, онлайн алуға болатынын білсе де, тұрғындардың өздері орталыққа барғанды жөн көреді екен.

Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы басқармасының төрағасы:

-Электронды түрде алу үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Бірақ азаматтардың өздері белсенді емес. Сауалнама  жасап сұрағанда бізге орталыққа келген ынғайлы, деп айтып отыр.

Бірақ, жауаптылар бұған қарамастан онлайн қызметтердің санын арттырып, оның орындалу уақытын барынша жеделдетеміз деп отыр. Мәселен, енді жас жұбайлар некесін бұрынғыдай бір ай емес, небәрі 3 күнде рәсімдей алады. Тиісті заңға жақында өзгерістер  енгізілмекші. Сондай-ақ, түрлі қызметтерді саусақ ізі арқылы да алуға болады. Ол биылдан бастап пилоттық режимде іске аспақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде