{metadescription}
ШҚО-да қызыл кітапқа енген арқар құтқарылды
ШҚО-да қызыл кітапқа енген арқар құтқарылды

ШҚО-да қызыл кітапқа енген арқар құтқарылды

Зайсан ауданының тұрғыны түз тағысын қорасында қамап ұстаған екен. Мүйізді жануар арып-ашып құр сүйегі қалыпты.

Сирек кездесетін арқарды адамдардың қамап қойғанын учаскелік инспектор байқап, орманшыларға айтқан. Алты жасар арқардың қашан қолға түсіп, қанша уақыт қорада тұрғаны белгісіз. Оны жергілікті тұрғындар қоймен будандастырып, тұқымын алғысы келсе керек. Қызыл кітапқа еніп, ерекше қорғауды қажет ететін тау еркесін ұстағандарға нендей шара қолданылатыны қарастырылып жатыр. Ал арқардың енді мекені құзар шыңның басы емес Өскемендегі зообақ болмақ.

Зинаутдин Шәмшиев, Өскемен қаласы зообағының қызметкері:

-Бұл арқар өте нашар, арықтаған күйінде бізге әкелінді. Біз енді барлық жақсы тамақтарды беріп бұл арқарды көктемде халық көрертіндей етіп арқарды аман сақтауға тырысіп жатырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде