Депутат Магеррамов футбол көре алмай қиналып жүргенін айтты
Стадионда футбол тамашалау мүмкін емес! Депутат Магеррам Магеррамов Мәжілісте осындай мәселені көтерді. Сондықтан Ұлттық Ұлан сарбаздарына бірінші қатарға тұрып, футбол алаңын күзетуге тыйым салуды талап етті.
Автор: Жәудір Оразхан
16.01.2019
Магеррам Магеррамов, Мәжіліс депутаты:
- Бізде стадиондардағы бірінші қатарға адамдар отырмайды. Ол жерде ұлттық ұланның сарбаздары тұрып алады да, көрерменге кедергі келтіреді. Футбол көруге келген адамдар ойынды емес, форма кигендердің түрін тамашалап қайтады. Бұл жанкүйерлердің ашуына тиеді, наразылығын тудырады. Әсіресе, қыз-келіншектер мен балаларға қиын.
Сарбаздардың кесірінен мыңға жуық орын бос қалады. Сондықтан, Ұлттық ұлан жігіттері алаңның бұрыш-бұрышы мен қабырға, баспалдаққа жақын жерлерде тұрсын дейді Магеррамов. Және жанкүйерлерді кіре берістен полицейлердің күтіп алуы дұрыс емес екен. Депутат Берлин стадионыныдағы тәртіпті мысалға келтірді. Ол жақта сақшылар тек тәртіп бұзылғанда ғана шығады. Магерррамов Үкіметке еуропа елдерінің тәжірибесін мұқият қарап шығып, жанкүйрелерге жағдай жасауды үйренуге кеңес берді. Өйткені Еуропа-2020 чемпионатының іріктеу турнирі «Астана аренада» өтеді. Оған әлемдік футбол жұлдыздары келетіндіктен, нағыз кептеліс сол кезде болатынын ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!