{metadescription}
Алматы облысында ұрыларға жем болған жұрт наразылық білдірді
Алматы облысында ұрыларға жем болған жұрт наразылық білдірді

Алматы облысында ұрыларға жем болған жұрт наразылық білдірді

Малымен қоса, мүлігін де алып кетіп жатыр! Алматы облысы Шелек ауылының тұрғындары ұрылардың әбден басынғандығын айтып, араша сұрады. Түн жамылып қораға түсетіндер енді күндіз де тонауды шығарыпты. Ал баукеспелерден зардап шегіп жатқан көбіне, жесір әйелдер мен бала-шағасы қалада тұратын қарт кісілер екен. Әсіресе соңғы уақытта өрши түскен бассыздықты айтып тұрғындар талай мәрте полицияға шағымданған. Десе де, бірде бір ұры ұсталмаған.

Маленұр Бишарованың ұрылар 8 қойы, үш бірдей бұзаулы сиыры мен бұқасын алып кеткен. Күдіктілер қораға қабырғаны тесіп кіріпіті. 77 жастағы кейуана қаскөйлердің үйін бұзып, бүкіл малын жетектеп кетіп бара жатқанын естіген. Бірақ та, үйге де кіре ме деп қорқып, үндей алмапты. Әжейдің олар үрейленетін жөні де бар. Өйткені, соның алдында ғана ұрылар оның көршілеріне де түсіпті.         

Маленұр Бишарова, Шелек ауылының тұрғыны:

-Үйге кіріп, қолға салатын, алтын жүзіктердің бәрін ұрлап жатыр. Ешнәрсе таппаса, жердегі кілемдерді алып кетіп жатыр. Бұл қалай болғаны, қызым?

Ал Бақтынұр Сүлейменова үйіне түскен ұрыларды көрген. Тіпті, таныған да екен. Төрт баласы бар жесір әйел түнде далаға шығып, оларға қарсы келуге батпаған. Ертесіне алып ұшып полицияға барса, ондағылар саусақ ұшын да қимылдатпады дейді.    

Бақтынұр Сүлейменова, Шелек ауылының тұрғыны:

-Мен жылап үш күн жүрдім көшеде. Бір ауылда тұрып, біреудің іші ашымайды. Қол ұшын беретін адам жоқ. Біз тиын сұраған жоқпыз полициядан. Бізге ұрлаған адамды ұстап берсін!

Ал қолды болған малды ұрылар алысқа бармай-ақ ауылдың ішіндегі мына қаңырап бос тұрған үйдің қорасына әкеліп, сойып ала беретін болған. Тұрғындар мұнда талай мәрте ешкінің де, қойдың да жүнін тауыпты. Бірақ соған қарамастан, ұрылар әлі күнге дейін ұсталмай жатыр. Жаңа сойылған малдың қан іздері мұнда сайрап жатыр. Тіпті, ұрылар пайдаланған жіп те осында. Амалы құрып, әбден ашынған жұрт жұмыс істемейтін сақшыларды сабасына түсіруді талап етіп отыр.

Бақытнұр Сүлейменова, Шелек ауылының тұрғыны:

-Неге полицейлер жатып айлық алуы керек? Ұрыларды таппағандарды ауыстырсын. Оқу орнын бітірген жастармыз бар қаншама, ел үшін күйетін. Соларды қойсын солардың орнына.

Ал зардап шеккендердің саны жүзден асады. Полиция ұрлықтың жиілегенін мойындап отыр. Айтуларынша, соңғы бір жылда ауылда 157 ұрлық тіркелген. Тең жартысы әлі ашылмапты.

Ернар Сайдильдин, Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:

-Бұл  деректердің 81-і бүгінгі күні ашылған. Қалғандары бойынша әлі де сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерімен осы деректерге қатысты тұлғаларды анықтау мақсатында арнайы топтар құрылып, нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Полиция топтасып, қылмыспен күресуге кірістік дегенімен, Шелекте ұрлық-қарлық азайып жатқан жоқ дейді жұрт. Енді ауыл ішінде өздері кезекшілік ұйыдастырудан басқа амал қалмағанын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде