«Жусан» операциясы жайлы фильм түсірілуі мүмкін
Елімізде бұрын-соңды болмаған «Жусан» операциясы жайлы фильм түсірілуі мүмкін. Депутаттар Сирияда тұтқыннан құтқарылған отандастарымыздың тағдыры мен арнайы қызметтің ерлігі жайлы голливудтан кем түспейтін деректі кино түсіруді сұрап отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
16.01.2019
Қуаныш Сұлтан, Мәжіліс депутаты:
-«Жусан» операциясының қалай іске асқаны, арнайы қызметтің қандай қиындықтарды еңсергені керемет туындыға арқау болады деп ойлаймын. Бюджеттен киноиндустрия саласына қомақты қаржы бөлініп жатыр. Оның үстіне фильм жастардың патриоттық және рухани тәрбиесіне оң әсер етері сөзсіз.
«Жусан» операциясы тура 10 күн бұрын өткен еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияға жиһадқа барып, лаңкестердің қақпанына түскен 47 отандасымызды құтқарған болатын. Қазір соғыстан әбден қажыған әйелдер мен кішкентай ұл-қыздар Ақтаудағы бейімдеу орталығында. Ал, 6 ер адам мен бір әйелге қатысты «шетелдік қақтығыстарға қатысу» бабы бойынша іс қозғалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!